top of page
WhatsApp Image 2023-09-29 at 11.13.34.jpeg
Кезекті байқауымыз басталды

Құрметті ұстаздар мен жалпы білім беретін мектеп, гимназия, лицей оқушылары, коледж, ЖОО студенттері және балабақша бүлдіршіндері 2023 жылдың 28 қыркүйек пен 13 қазан аралығында онлайн форматында
«Өрлеу-Еducation» республикалық оқу-әдістемелік орталығы
«Ұстаз –ұлы тұлға» тақырыбында республикалық байқауын жариялайды!
Байқауға қатысуға шақырамыз!
Байқау қорытындысы бойынша мұғалімдер алғыс хат, құрмет грамотасымен, ал оқушылар бас жүлде, І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады!
Байқау қорытындысы 16 қазан күні orleucom@gmail.com электронды поштасында және orle_educationkz инстаграмм желісінінде байқау қорытындысы жарияланады!

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
 

2023 жылдың 17-28 шілде, 31 шілде – 11 тамыз аралығында қазақ және орыс тілдерінде оқытатын орта білім беру ұйымдарының барлық санаттағы мұғалімдеріне арналған біліктілігін арттыру курсы өтті.

  1. «Инклюзивті білім беру жағдайында педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту»

1) инклюзивті білім берудің теориялық-әдіснамалық негіздерін және инклюзивті білім берудің ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етілуін зерделеу:

2) психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу, түзете-дамыта оқыту, үйден оқыту, жеке білім алу бағдарламасын жасау технологияларын қолдану бойынша біліктер мен дағдыларды қалыптастыру;

3) білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауда критериалды бағалауды қолдану біліктерін қалыптастырды.

  1. «Жаһандық құзыреттілік және азаматтылық»

«Жаһандық құзыреттілік» – бұл нақты дағдылар емес, бұл жаһанадық мәселелерді шешуде жеке тұлғалардың қатысуымен жүретін, басқа мәдени ортаға жататын адамдармен виртуалды және өзара әрекеттесу барысында ұтымды пайдалана білетін қарым-қатынас пен дағдылар, құндылықтар мен көзқарастардың және білімдердің үйлестірді.

  1.  «Білім беру мазмұны сапасын арттыруда педагог кадрлардың кәсіби құзыреттіліктерін дамыту амалдары»

  Курс барысында жалпы орта білім беру ұйымдарының пән мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін білім берудің жаңа парадигмасы талаптарына  сәйкес дамытуға мүмкіндік алды. Сонымен қатар, Lesson Study-ге шараны бірлесе жоспарлап, өткізетін, қадағалайтын, оқыту мен оқуды талдай отырып, өз қорытындыларын қағаз бетіне түсіретін мұғалімдер тобы қатысты. Lesson Study циклін өткізу кезінде мұғалімдер оқыту тәжірибесіне жаңа әдістер енгізеді немесе оны жетілдіреді, кейін ашық Lesson Study өткізу немесе жұмыс сипатталған құжатты жариялау арқылы әріптестерімен тәжірбие алмасты.

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
 

«Өрле-education» республикалық оқу-әдістемелік орталығы 22.11.2021- 03.12.2021 уақыт аралығында онлайн курсын өткізетінін хабарлайды.

Өтетін курс тақырыбы:

 

1. «Білім мазмұнын жаңарту жағдайында білім берудегі менеджмент» (80 сағат);

 

2. «Білім беру мазмұнын жаңарту аясында білім сапасын арттыру жолдары» (80 сағат);

 

3. «Инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс істейтін педагогтің кәсіби құзыреттілігін дамыту» (80 сағат);

 

4. «Білім беруді жаңарту жағдайында мектепке дейінгі оқу-тәрбие үрдісінде ойын технологияларын қолдану» (72 сағат);

 

5. «Сынып сағаттарын ұйымдастыру технологиясы» (80 сағат).

 

Қашықтықтан оқыту курсы Zoom платформасында оқытылып, арнайы сертификат және курстың электронды материалдарын береді. Алдағы уақытта орталық мамандарының атқарған жұмыстарын бағалап, шығармашылықпен ынтымақтастықта жұмыс жасайтындарыңызға сенімдіміз!

конкурс1.png
Кезекті байқауымыз басталды

Байқау номинациялары:👇🏻👇🏻👇🏻
шығармашылық қабілетін арттыру, патриоттық сезімін ояту, тəуелсіз елге деген құрметін күшейту, елдік сананы ояту, педагог-ұстаздардың ғылыми,
Оқушылардың зерттеушілік əлеуетін дамыту.

1. «Тәуелсіз елдің асқақ рухы» — қастерлі Тəуелсіздігіміздің асқақ рухы, азат елдің азаматының асқақ арманы туралы эссе номинациясы.

2. «Тәуелсіздік қастерлі ұғым» — Тəуелсіздіктің оңай келмегені, сан ғасырлық азапты тарихы жайлы бейнежазба жазу номинациясы.

Көптен күткен сайыс басталды
конкурс.png
Frame 1 (1).png
Ұстаз – ұлы есім

2021 жылдың 28 қыркүйек пен 25 қазан аралығында «Өрлеу-Еducation» республикалық оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастырумен жалпы білім беретін мектеп, гимназия, лицей оқушылары және балабақша бүлдіршіндеріне арналған   «Ұстаз – ұлы есім»  тақырыбында республикалық байқау өткізілді.

Байқаудың мақсаты – оқушыларды ардақты да аяулы ұстаздарын құрметтеуге, сыйлай білуге, үлгі тұта білуге ұстаз еңбегін әрқашанда бағалай білуге үйрету, адамгершілікке, сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге үйрету.

Байқау «Сурет», «Ұстазым, ұлағатым, үлгі — өнегем»  және «Ең креативті құттықтау» номинациялары арқылы ұйымдастырылды.

Бағалау қорытындысы бойынша қатысушылар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.

Республикалық онлайн семинар

2021 жылы 22 сәуір күні сағат 16:00-де "Egov порталын тәжірибеде қолдану. Padlet платформасының мүмкіндіктері" тақырыбында республикалық семинар болады. Семинарды Алматы мемлекеттік политехникалық колледжінің информатика пәні мұғалімі Бақытбекова Жансая Бақытбекқызы жүргізеді.  Семинар ZOOM қосымшасында өткізіледі.

WhatsApp Image 2021-11-03 at 09.36.26 (13).jpeg
WhatsApp Image 2021-11-03 at 09.36.26 (12).jpeg
Республикалық онлайн семинар

2021 жылы 20 сәуір күні "Kahoot бағдарламасының мүмкіндіктерін қашықтықтан оқытуда пайдалану" атты Республикалық семинар өтті. Семинарды Алматы мемлекеттік политехникалық колледжінің информатика пәні мұғалімі Бақытбекова Жансая Бақытбекқызы жүргізді.

bottom of page